Қызылордада атыс болып, бір адам жарақаттанды
Бүгін Қызылорда қаласының Әйтеке би көшесінде атыс болып, бір адамға оқ тиді. Жарақат алған тұрғын ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр. Ішкі ағзаларына қатты зақым келген. Жарақат күрделі болғандықтан операция бірнеше сағатқа созылған. Ал, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 7 адам ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Нұрлан Анарбаев облыстық ІІД бастығының орынбасары:
- Жедел-тергеу топ қазір жұмыс атқарып жатыр. Нәтижесінде қазір күдікті адамдар анықталып, олар ҚІІБ жеткізіліп, олармен тергеу әрекеті жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалғандықтан тергеу құпиялылығы болады. Яғни, күдіктілердің әлі сот үкімі шықпай тұрып, нақты аты-жөндерін, басқа мәліметтерін айтуға құқығымыз жоқ.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10