Аралды құтқару қорына ширек ғасыр толды
Осыған орай Қызылордада ауқымды шара өтті. Жан-жақтан келген мамандар Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы ой бөлісіп, халықаралық қордың атқарған жұмыстарын саралады. Сондай-ақ, «Жоқтау....Жиырма жыл өткенде» атты деректі фильм көрсетілді. 25 жылда экологиялық ахуалды жақсарту үшін 140-тан астам жоба жүзеге асырылды. Елбасының қолдауымен қолға алынған «САРАТС-1» жобасы бойынша Көкарал бөгеті салынып, Кіші Арал теңізі пайда болды. Халық ата кәсіппен қайта қауышты.
Қазір жылына 8 мың тонна балық ауланады. Су маржанын өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді. Экспорт көлемі 9 есеге артты. Нәтижесінде Арал аймағы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы түзелді. Енді «САРАТС-2» жобасы жүзеге асырылса, ахуал тіпті жақсарады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10