ШҚО-да 600-ден астам үй мен 110 саяжай су астында қалды
Аягөз, Шемонаиха, Глубокое аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Аудандардағы сел екі сағаттың ішінде екі метр биіктікке көтерілген. Апат болған аймақтарда соңғы бес күнде 750-ден астам адам эвакуацияланып, баспанасыз қалған тұрғындар мектептерге орналастырылды. «Суда қалған үйлердің көбі өзендердің жағасында әрі еңіске салынған», - дейді мамандар. Абырой болғанда, адамдар аман. Зардап шеккен аумақтарға басқа облыстардан да құтқарушылар келіп жатыр. Ең өзекті мәселелерді шешу үшін бюджеттен 282 миллион теңге қаражат бөлінді. Ал, Шемонаихада еріген қар суы таңғы алтыда ауылды басып қалған.
Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
- Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Барлық мәселе шешіледі деген сенім бар.
Айдана ДАЙЫРОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10