Атырауда Наурыз тойына 60 киіз үй тігілді
«Сұлтан Бейбарыс» алаңына жиналған халықтың санында есеп жоқ. Барлығы Жаңа жылды қарсы алып, шат-шадыман күйде.
Жалпы, қала бойынша 60, ал, мына алаңда 23 киіз үй тігіліп, келушілерге Наурыз көже таратылуда. Сондай-ақ, салт-дәстүрді дәріптеген көріністер сахналанып, ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ал, бірқатар киіз үйлерде көрме-жәрмеңкелер өтіп жатыр. Таңсәріден басталған мерекелік шаралар мұнайлы шаһардың жер-жерінде өтуде.
Бүгінгі шараның ерекшелігі сол, ең дәмді Наурыз көже мен үздік салт-дәстүр қойылымы және ең үздік киіз үй иелері анықталып, ақшалай, бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Ал, кешке жергілікті және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шеттегі қандастардың құрылтайы өтті
28.07.2026, 10:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 10:08
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
28.07.2026, 10:07
Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
28.07.2026, 10:06
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 10:06
Висконсин штатында алапат құйын көтерілді
28.07.2026, 10:05
БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
28.07.2026, 10:03
Коммуналдық қызмет атынан sms-код сұрағандарға сенбеңіз!
28.07.2026, 10:02