Наурыз - түгел түркіге ортақ мейрам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз - түгел түркіге ортақ мейрам

20.03.2018

Ұлыстың ұлы күні - түгел түркіге ортақ мейрам. Сондықтан, бауырлас халықтардың қай-қайсысы болсын бұл ұлық мерекені асыға күтеді, көнеден келе жатқан өзіндік салт-дәстүрмен атап өтеді. Жылдағы дәстүр бойынша Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі де Наурыз мейрамын тойлады. Шараға Әзірбайжанның дипломатиялық миссия өкілдері, Қазақстандағы  диаспорасы сонымен қатар, еліміздің зиялылары мен арнайы шақырылған меймандар қатысты. Ақ тілектер ақтарылып, әзірбайжан ұлтының әсем әні асқақтап, салт-дәстүрі көрсетілді. Қонақтар Наурыз мейрамына арнап жайылған дастарханнан дәм татты.        

Рашад Маммадов, Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Наурыз - біздің ортақ құндылығымыз, ортақ мерекеміз. Бұл мейрамды түркілер мен өзге де Кіндік және Орта Азия халықтары Исламға дейін-ақ мыңдаған жылдар бойы көктемнің тамаша мерекесі ретінде атап өткен. Кешірімнің, теңдіктің, ырзықтың, бірлік пен молшылықтың мейрамы деп қараған. Бұл күні халық өкпе, араздықты ұмытқан.

Хабарламаларға жазылу