Арал қаласында құлаған үйдің орнына жаңа баспана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал қаласында құлаған үйдің орнына жаңа баспана салынады

19.03.2018

Арал қаласында  құлаған үйдің орнына 4-5 айдың ішінде 31 баспана  тұрғызылады. Жаңа қоныс жатақханада заңды тіркеуде тұрған 16 отбасы мен тозығы жеткен тағы 8 үйдің тұрғындарына беріледі.  Сонымен қатар, әр отбасынан бір адам жұмыспен қамтылады. Тұрғындармен кездескен Қызылорда облысының  әкімі Қырымбек Көшербаев көпшілікке осылай деді.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні екіқабатты үйді бөліп тұрған  өткел опырылып құлап,  8 отбасы қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Олар ыстық тамақпен, киім-кешек, төсек орынмен қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ. Қалған 7 жанұя ғимараттың қауіпсіз аумағында тұрып жатыр.    

Гүлнарай Нақышбаева,  үй тұрғыны:

- 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіп жатыр, жағдайымызды жақсы жасады. Облыстың әкімі келіп, 4 айдың ішінде үй салып беруге уәдесін берді. Мен риза болып қалдым.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу