Мәжіліс депутаттарына «Электрондық еңбек биржасы» порталы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттарына «Электрондық еңбек биржасы» порталы таныстырылды

16.03.2018

Бүгін көшпелі отырыс барысында Мәжіліс депутаттарына «Электрондық еңбек биржасы» порталы таныстырылды. Сәуір айында осы жөнінде заң қабылданбақ. Қазір құжат Сенатта қаралып жатыр. Жалпы, Жұмыспен қамту орталығының мамандары «жаңа құралдың қызмет іздеушілерге тиімділігі көп», дейді. Әсіресе, алыс ауылдарда тұратындар үшін қолайлы. Себебі, қай мекенжайда, қандай қызмет барын интернет арқылы көріп, тіркеле алатын болады. Қазір елімізде 500 мыңға жуық адам жұмыссыз. Осы күрделі мәселені шешу үшін жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ден қойылып отыр.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Парламенттік тыңдауда елдегі жұмыспен қамтудың мәселелері жан-жақты талқыланатын болады. Өйткені, бұл салада толғандыратын мәселелер аз емес. Жұмыссыздарды оқыту, кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы парламенттік тыңдауда ұсыныстар айтылып, жан-жақты талқыланатын болады.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу