Биыл елімізде инновацияны қолдауға арналған бірнеше халықаралық шара өтеді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігіндегі дөңгелек үстелде айтылды. Инновацияны дамытудағы мемлекеттік қолдау шараларына арналған жиынға осы салаға жауапты мекемелер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Олар биылға басымдықтарды пысықтады. Атап айтсақ, биыл Ұлттық инновациялық байқау мен Инновацияық конгресс және Астана экономикалық форумы аясында Халықаралық конференция ұйымдастыру жоспарланған. Аталған конгресс биыл «Қазақстандағы индустрия 4,0» тақырыбына арналмақ.
Тимур Тоқтабаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:
- Күнделікті жаңа құжаттар қабылдануда, жаңа бағдарламалар да іске қосылды. Осы ретте біз инновацияға жауапты мамандарды жинап, болашақ жоспарларымызды, мақсаттарымызды пысықтауды жөн санадық. Алдағы уақытта да министрлік осындай шараларды жиі өткізіп тұрады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ