Қарағанды облысында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 431 жоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 431 жоба жүзеге асады

15.03.2018

Қарағанды облысында 2022 жылға дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 431 жоба жүзеге асады. Бұл туралы кенді өңірде өткен орталық сараптама кеңесінің көшпелі мәжілісінде айтылды. Сарапшылар «Келешекте жобаның санын қумай, сапасына мән беру қажет. Әр жоба қоғамдық сананы жаңғыртуға жұмыс істеуі керек»,-дейді. Себебі, жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінетін қаржы аз емес. Өңір руханиятын жаңғыртуға бөлінген 12 миллиард теңге қаржы дұрыс игерілуі тиіс. Айталық, келесі жылдан бастап елімізде мектеп бағдарламасына «Өлкетану» сабағы енбек. Оған өлке тарихынан сыр шертер арнайы кітаптар шығарылады. 

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ол биліктің қолдауымен немесе шенеуніктердің өздері ғана атқаратын жұмыс емес. Қоғамның жаңғыруы – бұл сананың жаңғыруы. Бұл тұтас қоғамға байланысты екенін тағы да бір атап өткім келеді. Елбасы сөзімен айтсақ, бұл - бүкіл жұрт болып жүзеге асыратын жалпыұлттық жоба. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу