Астана-Самарқанд арасында пойыз қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана-Самарқанд арасында пойыз қатынайды

14.03.2018

Осы жылдың сәуір айынан бастап Астанадан Самарқандқа пойыз арқылы баруға болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында айтылды. Қазір екі ел арасындағы сауда-саттық, барыс-келіс деңгейі артып келеді. Бүгін тағы бірнеше келісімге қол қойылды. Соның бірі 2023 жылға дейін 50 мың тонна рельс өнімдерін экспорттау көзделген. Ақтөбе рельс зауыты мен «Өзбекстан темір жолдары» арасында 10 тонна өнімдік келісімшартқа қол қойылды. Бұдан басқа, машина жасау және құрылыс материалдарын жеткізу бойынша да тиісті компаниялар арасында келісім бекіді. Жолаушылар тасымалы бойынша аптасына Алматы мен Ташкенттің арасында 10 рейс, Астана мен Ташкенттің ортасында 7 әуе рейсі болады. Пойыз бойынша бұрын Алматы-Ташкент арасында пойыз аптасына екі рет жүріп тұратын. Енді үш рет қатынайтын болды. Тіпті, Астанадан пойызға отырып, тікелей Самарқанд қаласына жету мүмкіндігі бар.  

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Осы жылдың сәуір айынан бастап Самарқанд-Астана бағытында жолаушылар пойызы тұрақты түрде жүретін болады. Шекарада азаматтарды өткізу бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жаңа өткізу бекеттері іске қосылады. Биылғы екі айдың өзінде темір жол арқылы жүк тасымалы артқан. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 44 пайызға жоғары. Бұдан басқа, аймақаралық байланыс та артып келеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу