Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1600 пәтер тұрғындардың игілігіне берілмек. Ол үшін ескі, апаттық жағдайдағы үйлер бұзылып, орнына жаңалары бой көтереді. Ал, төмен жалақы алатын азаматтар салықтың 1 пайызын ғана төлейтін болғандықтан, жыл сайын 1 млрд. теңге қаражат тұрғындардың қалтасында қалады. Білім саласында да оң өзгерістер болады. Өңірде 1300 студентке жатақхана керек, сондықтан көп ұзамай екі ғимараттың құрылысы басталмақ.
Серік Өмірбаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
- Қазіргі уақытта 23 мамандық бойынша лицензия алуға министрлікке құжаттар тапсырылды. Екіншіден, біздің университетте 2 жаңа факультет ашылады. Ол ауыл шаруашылығы, медицина мамандарын дайындайды. Қазіргі таңда біздің университеттің 1300 студентіне жатақханада орын жоқ. Сондықтан, ұсыныс кіргізіп жатырмыз.