Атырауда жеті адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жеті адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

07.03.2018

Жұмысшылардың нақты неден қаза тапқаны сот-медициналық сараптамадан соң белгілі болмақ. Кінәлілер анықталса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 2-і күні Қарабатандағы «Газтур биналы электр станциясының» құрылысы жүріп жатқан аймақтағы жатақхана өртеніп, 6 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Ауруханаға түскен төрт адамның бірі қатты күйік салдарынан сенбі күні көз жұмды.  

Нaзымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған өрт оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы бап негізінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу нәтижесінде абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу әрекеттері жазаланады.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу