Қыз-келіншектердің құқықтары сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыз-келіншектердің құқықтары сөз болды

07.03.2018

«Қазақстандағы қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін арттыру: Мүмкіндіктер мен қатерлер». Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі халықаралық әйелдер күні қарсаңында осындай тақырыппен жиын өткізді. Оған елдегі үкіметтік емес ұйым өкілдері мен іскер әйелдер қауымдастығы және мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Мақсат - гендерлік саясатты одан әрі ілгерілету мен Орта Азиядағы әйелдердің проблемаларын пысықтау. Жиында Ұлыбритания елшісі Қазақстанда қыздардың ерте және мәжбүрлі тұрмыс құруы белең алғанын тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде оларға жоғары  білім алып, өзге де құқықтарын толық жүзеге асыруға кедергі болатынын атап өтті. Жиында айтылған ұсыныстар құзырлы органдарға жолданатын болады.  

Әсия Хайруллина, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

- Бізде гендерлік саясат Орта Азия елдерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейде. Барлық құқықтық негізі жасалған. Дегенмен, бұл мәселені назарда ұстап отыру үшін әріптестермен пікір алмасу маңызды. Бүгінгі  шара осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу