Терроризмге қарсы шараларға 270 млрд. теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризмге қарсы шараларға 270 млрд. теңге бөлінеді

06.03.2018

Бүгін Үкіметте экстремизм мен терроризмге қарсы жаңа бағдарлама қабылдау туралы шешім қабылданды. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің атқаруымен бұған дейін бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталды. 2013-2017 жылдар аралығында құқық қорғау органдарының техникалық әлеуеті жақсарған және барлау қызметі жетілген. Нәтижесінде 2013 жылдан бері 38 терактінің жолы кесілген. Одан басқа, сыртта лаңкестер қатарында болған 125 адам елге оралды. Оның 57-і осы күні сотталды, қалғаны бақылауда. Бірақ, олардың көбісі радикалды көзқараста қалып отыр. Соңғы 4 жыл ішінде елдің қауіпсіздігі үшін 99 млрд. теңгеге жуық қаражат игерілген. Енді алдағы бес жылға арналған кезекті бағдарлама өз жұмысын бастайды. Оған бөлінетін қаржы көлемі әлдеқайда қомақты.

Нұрғали Білісбеков, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары:

- Бағдарламада 80 іс-шара орындау көзделген. Соның ішінде 35-і арнайы сипатта. Оларды іске асыру үшін бес жыл ішінде 270 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған. Соның ішінде республикалық бюджеттен 209,3 млрд, жергілікті бюджеттен 60,7 млрд теңге.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу