Астанаға газ Сыр елі арқылы жеткізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға газ Сыр елі арқылы жеткізілмек

06.03.2018

Астанаға газ Қызылордадағы «Қараөзек» компрессорлық станциясы арқылы жеткізіледі. Станцияның іске қосылуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының өткізгіштік қабілеті 10 миллиард текше метрге артты. Ал, құбырдың ұзындығы 1534 шақырым болса, соның 180-і Қызылорда облысы аумағында. «Сарыарқа» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Жоба 4 кезеңнен тұрады. 

Медет Усайн, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Елорданы газдандыру Сыр елінен бастау алуы біз үшін үлкен қуаныш. Бірінші кезеңге «Қызылорда-Астана» газ магистралінің құрылысы қарастырылған. «Қызылорда-Астана» 1081 шақырымды құрайды және Астана-1, Астана-2 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы қарастырылған. Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалалары қоса қамтылып кететін болады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу