Әлемдік алтын өндірісінің ахуалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік алтын өндірісінің ахуалы

06.03.2018

Ресей Үкіметі бұдан былай құрамында бағалы металдары бар шикізатты елден шығаруға тыйым салуы мүмкін. Ол үшін Ресейдің Қаржы министрлігі Қазақстанның тәжірибесін зерттеп жатыр. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен алтын өндірушілердің халықаралық конференциясында айтылды. Жиында мамандар әлемдік алтын нарығында қалыптасқан ахуалды талқылап, оның дамуына қатысты болжамдарын айтты. Сарапшылардың пікірінше, қазір Латын Америкасы мен Орталық Азия елдеріндегі алтын өндіру саласы инвесторлар үшін барынша тиімді. Мәселен, Қазақстанда бұл сала жыл сайын шамамен 10 пайызға өсіп отыр. Оның үстіне,  Қазақ елі шетелдік инвесторлармен барынша ашық жұмыс істеуге мүдделі. 

Алишер Джуманов, «A100 Financial Inc» компаниясының президенті:

- Инвесторлар үшін Қазақстанның нарығы өте тартымды. Біз қазір елдеріңізде қолға алынған реформаларды жіті қарап отырмыз. Мәселен, алтын өндіру саласындағы инвестициямен айналысатын біздің компания үшін Астана халықаралық қаржы орталығының құрылуы ерекше маңызды. Ұлттық компанияларды осы қор биржасына шығарып, қосымша қаржы тарту үшін Астана орталығының потенциалы өте зор.

 Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу