Биыл «Smart City» жобасы аясында Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың ғимараттарына QR-кодтар орнатылады. Тұрғындар аталған кодтар арқылы нысанның тарихын, пошталық индексін біле алады. Сондай-ақ, әр үйге бекітілген учаскелік полицей мен дәрігердің есімдері де жазылады. Бұл жобаның құны 18 млн. теңгеге бағаланып отыр. Осы жылдың қыркүйек айына дейін қаладағы 1100 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандарға арнайы кодтар енгізіледі. Бұған қоса, қаланың «Ақылды картасы» әзірленеді. Бұнда көшелердің тізбегі, коммуналдық желілер мен ғимараттар көрсетілетін болады.
Мейіржан Мырзалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
- Цифрландыру үрдісі әр салада барынша қамтылуы үшін облыста арнайы «Жол картасы» әзірленді. Құжатта 77 жоба белгіленді. Оларды қаржыландыруға жергілікті қазынадан 2,1 млрд. теңге бағытталады.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ