Партиялықтар ХҚКО мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялықтар ХҚКО мәселесін талқылады

02.03.2018

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылғанына 10 жылдан асса да, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін олардың тиісті ғимараттары жоқ. Депутаттар бұл мәселені Үкімет деңгейінде  көтермек. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы комиссия отырысында айтылды. Мысалы, Мақтарал ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттың екінші қабатында орналаса, Теміртау қаласындағы осындай орталық темір жол вокзалында орналасқан. Комисия мүшелері бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметті алуда көп кедергі болатынын айтты. Жиында осы және өзге мәселелер бойынша комиссия атынан Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге нақты ұсыныстар жолданатыны айтылды. 

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Алматы облысының 4 ауданында ХҚКО қолайсыз ғимараттарда орналасқан болып шықты. Міне, осыған байланысты біз «Нұр Отан» партиясы комиссиясының атынан жергілікті атқарушы органдарға және орталық органдарға мәселені кешіктірмеу жөнінде ұсыныс жолдайтын боламыз. Алдағы уақытта шешіледі деп ойлаймыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу