Жат діни ағымдармен күресу үшін арнайы оқулықтар шығару қажет
Бұл туралы Астанадағы Еуразия мұсылман ғұламалары форумында айтылды. Мамандар Ислам өркениетіне тән алдыңғы қатарлы ғылым мен мәдениет дәстүрлерін мейлінше арттыру керектігіне тоқталды. Бұл – қазіргі заманның ең өзекті проблемаларының бірі. Себебі, қазіргі кезде бірқатар мұсылман мемлекеттері кедейлікпен, халықтың сауатсыздығымен, денсаулық сақтау ісінің артта қалуымен, лаңкестік сын-қатермен, заңсыз есірткі айналымымен және сыбайлас жемқорлықпен байланысты қиындықтарды бастан өткізуде. Жаһандану, әлемтану ұстанымдарының жаңаруы, тарихи уақыт көшінің қарқынымен жеделдей түсуі сенім мен діни құндылықтардың алатын орнын қайта бағалауды қажет етіп отыр. Жалпы, Еуразия мұсылман ғұламалары форумы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Орталық Азия мен Еуропаның 21 елінен 35-тен астам делегат қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Жихадты насихаттайтын радикалды топтар елеулі саяси күшке айналды.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
- Діннен ең алдымен рухани, моральдық, этикалық құндылықтарды алуымыз керек. Қазақстанның дінаралық, этносаралық үлгісін бүгінгі күні әлем елдері мойындап отыр. Біз бірлескен күш жігерімізбен бейбітшілік, ізгілік пен әділеттілік діні ретінде Исламның оң имиджін нығайтуға тиіспіз.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы