Қызылорда қаласында үйсіз қалған отбасылар уақытша баспанамен қамтамасыз етілді
Бүгін олар жаңа қоныстарына көшіп жатыр. Естеріңізге салсақ, кеше қаланың Титов мөлтек ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлап қалған болатын. Дереу сол жердегі 46 отбасы мектептегі эвакуциялық орталыққа орналастырылды. Жергілікті әкімдік баспанасыз қалған тұрғындарға бюджеттен қаражат бөліп, оларға 6 ай мерзімге пәтер жалдап, ақшасын төлеп беретін болып шешім қабылдады. Сол жарты жыл ішінде оларды тұрғылықты үймен қамтамасыз ету жайы заңға сәйкес реттелмек. Көпшілік бұл қамқорлыққа риза.
Раиса Байкенжеева, қала тұрғыны:
- Қайда барамыз, не істейміз, не болады деп уайымдадық. Шүкір, үйлі болып жатырмын. 4 бөлмелі пәтер берді. Рахмет, барлық жағдай жасалған.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10