Алматыда 50 жастан асқандарға арналған ерекше ұйым құрылды
«Алтын қадам» атты қайырымдылық қоры түрлі күйзеліске ұшыраған ересек адамдарға қызмет көрсетеді. Білікті психолог-мамандар олардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, құлшынысын арттырады.
Қоғамдық ортаға бейімдеу арқылы өз бетінше шешім қабылдауға үйретіп, қабілеттерін жетілдіреді. Сондай-ақ, аталған қор мектеп пен колледждерде оқитын әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар мен студенттерге көмек беріп, қолұшын созады. Қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етіп, әркез тұрмысы төмен отбасы балаларының қажеттіліктерін ескереді.
Гүлмира Өтепбергенова, «Алтын қадам» жобасының жетекшісі:
- Жобамыздың басты мақсаты – 50 жастан асқан адамдарға әдемі қартаюды үйрету. Сондай-ақ, өмірді жаңа қырынан таныстырамыз. Әрі олардың көзқарасын өзгертіп, тың бағыттарды көрсетеміз. Адамдар арнайы курсқа аптасына бір рет келіп қатысады. Олар психологиялық және физикалық жаттығулардың арқасында көтеріңкі көңіл-күйге бөленеді. Алғашқы нәтижелер де жақсы.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы