Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жыл бойынша 92 мұғалімнің ісі сотқа жолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жыл бойынша 92 мұғалімнің ісі сотқа жолданды

02.03.2018

Оңтүстік Қазақстан облысындағы  білім беру саласында жемқорлық белең алып тұр. Жыл басынан бергі айналдырған екі айдың ішінде сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдігіне осы салаға қатысты 25 шағым түскен. Оның 80 пайызына білім беру ұйымдарындағы жемқорлық дерегі негіз болған.

Сыбайластық мектеп, колледж, университеттерді айтпағанда, балабақшада да дендеп тұр. Оған мысал, өткен жылы өңірде 6 мектеп, 4 колледждің директоры жемқорлыққа жол бергені үшін істі болса, «Балапан» бағдарламасы бойынша 40 адам жауапқа тартылған. Сондай-ақ, 92 мұғалімнің ісі сотқа жолданып отыр.  Мамандар «жемқорлықты ауыздықтау үшін білім беру саласын тездетіп цифрлық технологияға көшіру керек», деп отыр. 

Исатай Сағындықов, облыстық Білім басқармасының басшысы:

Жалпы, біз сараптама жасадық. Ақша жинаудың себебі екі түрлі екен. Біреуі ҰБТ кезінде аттестатты жөндеп береміз, соған дайындап береміз деп ақша жинау. Екіншісі, жұмысқа алу, балабақшаға орналастыру. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу