Салықтық тексеру жүйесі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтық тексеру жүйесі өзгерді

02.03.2018

Жыл басынан бері салықтан жалтарғандарға жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша бюджетке 6 миллиард теңге қайтарылды. Былтыр бұл сомма 235 миллиард теңге шамасында болатын.

Биылдан бастап күшіне енген заңдағы өзгертулер жоспардан тыс салықтық тексерулерді 62 пайызға қысқартады. Бұл мәліметтер Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз брифингінде айтылды.

Жоспарлы тексерулер де бизнес өкілдерінің барлығына бірдей жүргізілмейді. Салық төлеуге салғырт қараған немесе міндетті төлемнен жалтарғандар арнайы іріктеліп алынбақ.

Мұратбек Мусин, Салықтық аудит басқармасының басшысы:

Заңбұзушылыққа қаншалықты көп қаупі бар екенін белгілейміз де, ең қауіпті салық төлеушілерді ғана тексеруге аламыз. Тексерілгеннен кейін әрбір салық төлеуші қатаң қадағалауда болады. Камералдық бақылау арқылы және тағы да басқа мемлекеттік бақылау формулалары бар. Сол арқылы бақыланып отырады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу