Орталық Азия елдері ынтымақтастықтың жаңа сатысында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері ынтымақтастықтың жаңа сатысында

01.03.2018

Өзбекстан саясатындағы оң өзгерістер Орталық Азиядағы қордаланып қалған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев айтты. Оның пікірінше, көршінің ашық саясаты Қазақстан үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, пікірталасқа қатысушылар Орталық Азия елдерінің қазіргі қарым-қатынасы әлем алпауыттарының назарында екенін мәлімдеді. Сол себепті арадағы әсіресе, шекара, су және энергетика мәселелері оңтайлы шешілсе, аймақ экономикасы жаңа белеске шығады. Дөңгелек үстелге қатысқан сарапшы-ғалымдардың ортақ пікірі осы.

Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Біз бүгінде Орталық Азия мемлекеттері бойынша ақпаратты жаңартуымыз керек. Мысалға, Америка, Еуропада не болып жатқанын жақсы білеміз. Бірақ, өзіміздің көршілеріміздегі соңғы процестерді білмей жатамыз. Сондықтан, бұл шараның мақсаты- аймақтағы жаңа трендтерді талқылау.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу