200-дей жұмысшы көз жұмады. Мұндай жайсыз деректерді кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым келтірді. Ол «қайғылы оқиғалардың алдын алу біздің басымдық берген негізгі міндетіміз»,-дейді. Өзекті мәселені шешу үшін кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құрылып жатыр. Бірақ, тым аз. Екі жақты теп-теңдік негізде 300 мыңға шамалас мекеменің тек 10 мыңы өткен. Астана іргесіндегі локоматив құрастыру зауыты осы бағытта үлгі бола алады. Зауытта 600 жұмысшы бар. Бүгінге дейін 300-ден астам локомотив құрастырып, елімізден бөлек, ТМД мемлекеттерінің паркін толықтырған. Ондағы әр цехта мамандар арасынан тағайындалған техникалық инспектор қауіпсіздік пен қызмет ережесін қатаң қадағалайды.
Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
- Әр мекемеде өндірістік кеңестерді құрып, жұмыстарды дұрыс бағытқа қоятын болса, осындай нәрселерге біз шектеу қоя аламыз. Өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс берушіге, яғни, зауыттың, компанияның басшыларына міндетті. Ол заңмен тікелей көрсетілген.
Нысаналы ЫҒЫЛ