Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы бес қабатты үйдің бір бөлігі құлады
Оқыс оқиға түнгі 22:00-дар шамасында болған. Жедел ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ. Қазір құтқарушылар жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізінен бұл ескі жатақхана ғимараты. Сондықтан, мұндағы пәтерлерге баспанасы жоқ 46 отбасы уақытша тұрақ ретінде қоныстанған. Ал, құлаған бөлікте оқиға болған сәтте ешкім тұрмаған. Қалада жедел штаб құрылып, тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Оқыс оқиға туралы нақты ақпарат алдағы уақытта айтылатын болады.
Асылбек Шәменов, қала әкімінің орынбасары:
- Жатақханада орналасқан 46 жанұяны эвакуациялау пунктіне орналастырдық. Олардың суын, тамағын қазір толыққанды қамтамасыз етіп, дәрі-дәрмек пен психологиялық көмектерді ұйымдастырып, қазір орналастырдық.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10