«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры сатып алудың жаңа тетігін іске қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры сатып алудың жаңа тетігін іске қосады

28.02.2018

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында аталған қордың өкілдері мәлімдеді. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры өз компанияларына қажетті мүлікті өз қарамағындағы компаниялардан алып отырған. Бұдан еліміздің орта және шағын кәсіпкерлері шет қалып келді. Енді сатып алу жүйесіндегі тетіктер біршама жеңілдеді. Бір ғана мысал, бұрын тендерге қатысушы орта және шағын бизнес өкілдері холдинг ұсынған 168 сұраққа жауап беруі керек еді. Қазір оның саны 76-ға дейін азайды. Бұл конкурсқа қатысатын әлеуетті тауар өндірушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді және белгілі бір деңгейде бюрократиялық мәселелерді азайтуға септігін тигізеді.

Әлішер Пірметов, «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор:

- 4,5 мың позицияның әрқайсысын қарап шығып, оны 10 есе қысқартып отырмыз. Бүгіннен бастап холдинг ішіндегі сатып алу позициялары 424-ке дейін азайды. Осы арқылы шағын және орта бизнеске қосымша 300 млрд. теңгеге тапсырыс беру мүмкіндігін алып отырмыз.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу