Астанадағы «Қазмедиа орталығында» мега трендттер тақырыбы талқыланған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Қазмедиа орталығында» мега трендттер тақырыбы талқыланған жиын өтті

28.02.2018

«Media Talks» - бұл келелі кеңес пен ұтымды ұсыныс айтудың таптырмас алаңы. Себебі, осы саладағы әріптестер өзара тәжірибе алмасады. Осындай шара Астанадағы «Қазмедиа орталығында» өтті. Конференция барысында Испания медиа мектебінің профессоры Брайан Халлет шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық конкурсының жеңімпаздары да шараға қатысты. Мега трендттер тақырыбы талқыланған жиында онға жуық танымал спикер баяндама жасады. Жалпы, бұл шараны алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Айбол Арғынғазинов, «Қазмедиа орталығы» бөлім басшысы:

- «Media Talks» іс-шарасы «Қазмедиа орталығында» екінші рет өткізіліп жатыр. Испания профессоры өмірлік тәжірибесімен бөлісетін болады. Оның барлығы өскелең ұрпақ қалыптасу үшін маңызды болады деп ойлаймыз.

Хабарламаларға жазылу