Астананың жаңа төртінші ауданының шекарасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың жаңа төртінші ауданының шекарасы анықталды

27.02.2018

Байқоңыр ауданы 18,1 мың гектар аумақты қамтымақ. Халық саны қазіргі есеппен 211 мың шамасында. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихат жиынында айтылды.

Жаңа ауданның шығыстағы шекарасы Ақбұлақ көлі арқылы нөмірі 101-көшемен, әрі қарай Пушкин көшесі маңымен өтеді. Оңтүстік тарап Есіл өзені арқылы Республика даңғылымен, сондай-ақ, Республика даңғылынан Бөгенбай батыр көшесіне дейін, әрі қарай темір жол торабына дейін созылады. Ал, батыс бөлігіне қалалық зират кіреді.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда елорда халқының саны 645 мыңнан 1 миллион 10 мың адамға дейін, яғни, 35 пайызға артқан. Сол үшін қалаға жаңа мектеп, балабақша, емхана, инженерлік инфрақұрылым қажет. «Осы мақсатта жаңа 4-ші ауданды ашу қажеттілігі туындады»,- дейді депутаттар.

Мұхтар Төлеутаев, қалалық мәслихат депутаты:

Шеткі аудан деген түсінік болмауы қажет. Қаланың орталығы қандай болса, шеткі аудандары да сондай жақсы жағдайда болуы керек.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу