Ғылыми конференцияда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылыми конференцияда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды

27.02.2018

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы қоғамдық пайымдау шеңберінен шығып халықаралық деңгейде талқыланып жатыр. «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты ғылыми конференция соның айғағы. Алқалы жиынға Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен танымал сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Кеңес Одағының құрамында болған елдерді Қазақстанның 26 жылда жүріп өткен жолы, жарқын жетістіктері қызықтыратыны сөзсіз,-дейді отандық тарихшылар. Сондықтан, Елбасының іргелі еңбегін әдістемелік әрі теориялық тұрғыда нықтап, сан-салада насихаттау керек.

Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Қазақстанның тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – Қазақстанның жүріп өткен жолы, Қазақстанның озық тәжірибесі деген сөз. Соны енді көрші елдер де білгісі келеді, олар да осындай жетістікке жеткісі келеді. Қазақстанның тәжірибесін үйренгісі келеді. Сондықтан да, қызығушылық өте заңды құбылыс деп ойлаймын.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу