Елімізде жыл басында құрылған «Сандық технология және крипто-валюта қауымдастығының» өкілдері білім саласына баса мән беріп, жастардың озық идеяларын қолдап, инвестиция тартуды көздеп отыр. Тілшілермен кездескен қауымдастық мүшелері осылай дейді. Жалпы, бүгінгі таңда әлемде криптовалюта нарығындағы қаражат көлемі 500 миллиард долларға жеткен. Ал, бұл көрсеткіш 5 жылдан соң 5 триллион долларға дейін өсуі мүмкін. Сондықтан, криптовалюта саясатын Қазақстанда да жандандырған жөн. Осылай деген мамандар қазақстандықтарға табыстың бір бөлігін криптоақшаға аударуды ұсынды.
Ерлан Шайымбетов, «Digital Network» СТКА Инвестиция тарту департаментінің директоры:
- Криптовалюта заманға сай болғандықтан, тезірек үйреніп, осы салада әрекет жасауымыз керек. Егер сіз бен біз 2014 жылы мың доллар салып қойғанымызда ,қазір қалтамызда 3 миллион доллар болады екен. 4 жылдың ішінде. Мың доллардан 4 жылда қандай индустрия осындай табыс береді? Тек криптовалюта нарығында осындай мүмкіндіктер бар.
Елдос САПАРҒАЛИ