Маңғыстау облысында құтырма ауруы белең алып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында құтырма ауруы белең алып барады

23.02.2018

Зертханаға жіберілген сынаманың нәтижесі бойынша тағы 14 түліктен індеттің белгісі анықталды. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының мамандары мәлімдеді. Құтырма ауруы Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы, Қарақия және Маңғыстау аудандарында тіркелді. Індет, әсіресе ірі қарадан табылып отыр. Мамандар бастапқыда малдан алынған 50 сынаманы тексеруге жіберген болатын. Қазір мал иелеріне өтемақы төлеу мәселесі қарастырылуда. Өлген малдың құны қалай бағаланатыны белгісіз. Ол үшін арнайы комиссия құрылады. 

Қамбар Момынов, облыстық Ветеринария басқармасы эпизоотиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

-Компенсация беріледі. Ол енді республикадан берілетін қаржы. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 559-бұйрығына сәйкес. Сондағы барлық талаптар ескеріледі. Мал иелерінің және басқа да заңдылықтарды сақтай отырып комиссия құрылады. Тиісті қаржы солардың шешімімен беріледі. Мал иелері эпизоотиялық отрядқа тиісті құжаттарды табыстаулары керек.

Хабарламаларға жазылу