Энергетика министрлігі жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика министрлігі жылды қорытындылады

23.02.2018

Биыл елімізде 106,7 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға көп. Бүгін 2017 жылы Энергетика министрлігі атқарған жұмысты қорытындылаған Қанат Бозымбаев осылай деді. Сонымен қоса, былтыр алғаш рет Финляндия мен Жапонияға көмір экспортталыпты. Финляндия мен Жапон жұртын жылыту үшін шекара асқан «қара алтынның» жиынтық қоры 3 млн тоннадан астам. Биылдан бастап Қ.Бозымбаев бастаған министрлік мамандары ел ішіндегі қысқа дайындықты мамыр айынан бастамақ. Отынға қажеттілік мұқият есептеліп, биылғы жағдайдың қайталанбауы қатты қадағаланбақ.

Ал, мұнай өндірісі биыл 86,2 млн тоннаға жетті. Былтырғы көрсеткіштен 10 пайызға арттық. Министрдің есебінше, 2018 жылы мұнайдың әр баррелінің болжамды бағасы 55-60 АҚШ доллары төңірегінде сақталмақ. «Ал, жанармай бағасы бойынша Қазақстан 167 елдің ішінде 15-ші орында тұр», - деді министр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу