Басты Жаңалықтар Қызылордада жаңа туған сәбилерге домбыра тарту етілді

Қызылордада жаңа туған сәбилерге домбыра тарту етілді

Қызылордада «Ана мен бала» орталығында жаңа туған  сәбилерге әрқайсысының өз есімі жазылған домбыра сыйға тартылды. Бұл - «Рухани жаңғыру» орталығының игі бастамасы. Ұлттық тәрбие  ұлттық құндылықты дәріптеуден басталады. Сондықтан, ұйымдастырушылар «қазақтың қара домбырасын сыйлау арқылы баланың бойына тәлімді тәрбие қалыптастыруға болады»,-дейді. Сондай-ақ, «Домбыра фест» шарасы аясында қаладағы мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарында үзіліс кезінде күйлер мен Сыр сүлейлерінің жырлары орындалды. Алдағы уақытта бұл дәстүрге айналмақ. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу