Оңтүстік Қазақстан облысында көктемде тасқын судан келер қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында көктемде тасқын судан келер қауіп жоқ

22.02.2018

Өйткені, биыл өңірде қар мен жаңбыр жылдағыдан 40-45 пайызға аз жауған. Жалпы, төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыста осы кезге дейін қыруар шаруа атқарылған. Оған 3,5 миллиард теңге жұмсалды. Бұл қаржыға Бадам, Келес және Шаян өзендері жағалаулары бекітілді. Өңірдегі ендігі мәселе жазда ағын судың тапшылығына жол бермеу болып отыр. Сол себепті, қазір қоймаларға мейлінше суды көп жиып алудың әрекеті жасалып жатыр. Облыс аумағындағы барлық су қоймалары әлі де қосымша су қабылдау мүмкіндігіне ие.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

 - Шардара мен Көксарай тұрақты бақылауымызда. Қазіргі жағдайда  Шардара су қоймасының орташа толуы 60 пайызды құрап отыр. Көксарай су реттегішіне 300 текше метр су алынуда. Мұнда да 410 текше метр су кем жиналуда.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ       

Хабарламаларға жазылу