Басты Жаңалықтар Ірі компаниялар орта бизнеске килікпеуі керек

Ірі компаниялар орта бизнеске килікпеуі керек

Монополист кәсіпорындар шағын және орта бизнестің азын-аулақ табысына таласып, ісіне килікпеу керек. Бұл кәсіпкерлік саладағы шынайы бәсекелестікті тежейді. Онсызда ірі компаниялармен теңесу мүмкін емес. Бірақ, ондай фактілер көп. «Сондықтан, біз мәселені түбегейлі шешеміз», - деді азаматтардың шағымын тыңдаған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы. Сондай-ақ, Абылай Мырзахметовтың қабылдауында болған іскерлер одан әрі кеңейіп, даму үшін банкке кепілзат қою кедергі келтіретінін, рейдерлік әрекеттер барын және кейбір жергілікті әкімдіктіктер тарапынан қолдаудың жоқтығын алға тартып, көмек сұрады. Аталған проблемалар жан-жақты талданып, жауапты тұлғалармен бірлесе шешілетіні айтылды. Тағы бір Моңғолиядан қоныс аударған қандас ата кәсібін жалғастырып, киіз үй жасау бизнесін жүргізуге бағыт-бағдар берулерін өтінді.   

Бахыт Сарайқызы, қала тұрғыны:

- Қазір әкем киіз үй бизнесін Моңғолияда Баян-Өлгей қаласында дамытып жатыр. 20-дан аса жыл болды. Енді мен Қазақстанда дамытқым келеді. Кәсіпкерлік палатасынан арнайы маман бекітті. Ол кісілер жолын көрсететіп, көмектесетін болды. Мемлекет тарапынан қандай көмектер барын көрсетеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу