Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форумына қатысты. Бұл – халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң. Биылғы жиын «Көпполярлы әлемдегі ұжымдық қауіпсіздік: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» тақырыбына арналды. Қатысушылар Еуразиядағы тұрақтылықты сақтау, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл және мемлекеттер арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Ресей астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен отырысы өтті. Онда халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралып, биылғы жұмыстың қорытындысы шығарылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы