Басты Жаңалықтар Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды

Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды. Мемлекет басшысын әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды. Бүгін  Мәскеуде өтетін ауқымды басқосуда халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және ұйым аясындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары қаралады. Еске салайық, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының  құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения кіреді. 

Бөлісу