Асқар Жұмағалиев ОҚО-дағы сандық технология жүйесіне көшкен бірқатар мекемелердің жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жұмағалиев ОҚО-дағы сандық технология жүйесіне көшкен бірқатар мекемелердің жұмысымен танысты

16.02.2018

Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі сандық технология жүйесіне көшкен бірқатар мекемелердің жұмысымен танысты. Вице-премьер ең алдымен Шымкент қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асқан жаңашылыдыққа қанықты. Мұнан соң бірқатар мектептерде болып,  роботтық техника сыныптарының жабдықталуына көңіл аударды. Сондай-ақ, орта білім беру ұйымдарындағы электронды журнал, электронды күнделік, сабақ кестесі секілді сандық технологияға негізделген процестердің нәтижелілігін сұрап білді. Жалпы, бүгінгі таңда білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтің 35 түрі сандық жүйеге көшкен. Енді тағы 20 қызмет түріне осы технологияны пайдалану көзделіп отыр. 

Алмат Есжанов, Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры:

 - Жалпы, білім беру жүйесінде бүгінгі таңда құзырлы орындарға қағаз жүзінде 106  түрлі есеп тапсырылады екен. Біздің алдын ала есебіміз бойынша егер осыны тұтастай сандық технологияға көшіретін болсақ, қазынаның 250 миллион теңгесі үнемделеді екен. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатын болады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу