Қорғаныс өнеркәсібі жаңармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс өнеркәсібі жаңармақ

01.02.2018

Қазақстан Кеңес үкіметінен қалған әскери техниканы сатылымға шығармақ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын таныстырған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Жаңа құжатта қазіргі таңда Қазақстанның Қарулы Күштері қолданбайтын әскери мүлікті Атамқұлов басқаратын министрліктің құзыретіне беру көзделуде. Осылайша, ескі техника қайта жөнделіп, экспортқа шығарылмақ. Тіпті, қазірдің өзінде оларды сатып алуға көптеген халықаралық компаниялар  қызығушылық білдіруде екен. Одан мемлекет қазынасына қосымша  28 млрд. теңге түседі. Бұл  қаржы қорғаныс өнеркәсібін дамытуға үлкен қолдау болмақ. 

Сондай-ақ, елімізде  қорғаныс тапсырысы операторлары институтынан бас тарту жоспарланып отыр. 2015 жылдан бері елімізде осы тәжірибе қолданылып келеді. Министрдің сөзінше, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына жол бермеу мақсатында тікелей келісімшарттар жасау көзделуде.

Бейбіт Атамқұлов,  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Біз үш жылға сараптама жүргіздік, келешекте оператор түсінігі сенімсіздік тудыратындай теріс факторлар да бар.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу