Шымкентте заңсыз салынған 81 ғимарат бұзылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте заңсыз салынған 81 ғимарат бұзылуы тиіс

31.01.2018

Шымкент қаласында құрылыс талаптарын ескерместен соғылған 161 нысан анықталып, олардың қожайындарының әрекетіне байланысты іс сотқа жолданды. Оның ішіндегі 81 ғимаратты тұтастай бұзып тастау керек. Өйткені, олардың ешбірі Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының сараптамасынан өтпеген. Құрылыс заңдылықтарына байланысты өрескел кемшіліктер жіберген.

Жалпы, былтырғы жылы облыс бойынша осындай тағы 396 нысан анықталған. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, қожайындарына 108 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, өңірде мемлекет қаржысына тұрғызылып жатқан нысан құрылысында да бірқатар кемшіліктер тіркеліп отыр. Мемлекеттік құрылыс сәулет басқармасы мамандарының тексерісі кезінде 173 мердігер компанияның және 14 жобалау мекемесінің жұмыстарында қателік бары анықталған. Олар 58 миллион теңге айыппұл төледі. 

Рахмет Бектаев, Облыстық Мемлекеттік құрылыс сәулет бақылау басқармасының басшысы:

- Ол жерде құрылыс нормаларына сәйкес талаптар көп. Сол талаптардан табылған кемшіліктер. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу