Оңтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

08.12.2017

Құқық қорғау орындарынан әділдік іздеп, арыз-шағымын арқалаған жұрт енді әр мекеменің табалдырығын тоздырмастан шаруасын бір-ақ жерден тындырады. Мұнда 11 мемлекеттік мекеменің ең білікті және тәжірибелі мамандары кезектесіп жұмыс істейді. Олар - прокурорлар, адвокаттар, медиатор, нотариус, Мемлекеттік кірістер органдары мен әкімдік қызметкерлері. Орталық қазіргі заманға сай инженерлік-техникалық қондырғылармен жарақталған. Электронды кезек жүйесі енгізілген. Күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету секторы да жұмыс істейді. Бұл мамандар орталыққа келген азаматтарға 22 түрлі қызметті тегін көрсетеді. Жаңа жүйеде азаматтарға психологиялық қолдау білдіретін мамандар да бар.

Болат Байнеев, Құқық қорғау қызметтері орталығының басшысы:

- Облыстық прокуратураға жыл сайын 25 мыңнан астам азаматтың арыз-шағымы түсетін. Олардың басым көпшілігі құзыреттілігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын. Енді орталықтың ашылуы бұл мәселені шешетін болады. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу