Бұл туралы бүгін елордада өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте айтылды. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мұрындық болуымен өткізілген жиынға Ресей, Армения, Қызрғызстан, Беларусь, Әзірбайжан мен Тәжікстанның өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 2020 жылға дейінгі халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясын іске асыру мәселесі қаралды. Одан өзге, 19-шы Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің қорытындысы талқыланды. Енді әлемге ортақ мерекелік даталар мен ТМД елдерінің айтулы күндерін осы кеңеске мүше елдердің жастары бірлесе атқарады. Ол үшін әр мемлекетте арнайы жастар конгресі жұмыс істейді.
Марат Сәбитов, Қазақстан жастары конгресінің жетекшісі:
- Жақын аралықта Ресейде әлемдік студенттер мен жастардың фестивалі өтті. Сочи қаласында. Сол жерде бүкіл ТМД елдерінің жастары атсалысып, тіпті еріктілерді жібердік деуге болады. Мысалы, бізде ЭКСПО болған кезде олар бізге келіп жатты. Яғни, өзіміздің тәжірибемізбен алмасамыз.
Елдос САПАРҒАЛИ