Жамбыл облысынан 18 тонна қоқыс шығарды
Жамбыл облысының орталығы мен шалғай аудандарында бір мезетте түрлі тақырыпта тазалық акциялары өтті. Тараздағы Пушкин ескерткішінің маңында «Тазалық жаршысы» шарасын қалалық жастар ресурстық орталығының ұжымы ұйымдастырды.
Ал Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу және Рысқұлов аудандарында дендросаябақтар тазартылды. Ары қарай акция Қаратау қаласындағы «Қуғын-сүргін» саябағы мен Жаңатастағы 1-ші шағын ауданда жалғасты. Жастар аулалар алдын тазартып, күзгі жапырақтарды сыпырды.
Айта кетейік, биыл аймақта «Таза Қазақстан» акциясы аясында 49 мың түп ағаш егілді. 5,9 мың шақырым көше жолы, 1 200 шақырым арық-атыз тазарды. Ал саябақтардың 800 мың шаршы метрден астам аумағы абаттандырылды.
Дархан Байпақ, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы:
Жыл басынан бері 70-тен аса акция өткізіп, 18 тоннадан аса қоқыс шығарылған болатын. Мыңнан аса жастар қатысты. Бүгінгі таңда бұл өз жалғасын ары қарай табатын болады. 20-дан аса кездесу ұйымдастырды. Мақсатымыз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын басқа да жастарға түсіндіру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы