1,7 млн оқушы ыстық тамақпен қамтылды
Тәуелсіздік жылдарында білім саласында жүйелі реформалар жүргізілді. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар олардың әлеуметтік жағдайлары ескеріліп,тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Қазір еліміз бойынша 1,7 млн бала сабақ арасында мектеп асханаларынан тамақтанады. Бұл оқушы денсаулығы үшін өте пайдалы. Оны ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі растаған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-інші жылдан бері бастауыш сыныптарда оқитын 1,4 млн оқушы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 230 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Ол үшін мемлекет жыл сайын 210 млрд теңгеден астам қаржы бөліп келеді. Шағын жинақты мектептерде модульдік асханалар жұмыс істейді. Осылайша тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны жеті жылда үш жарым есеге жуық өсті.
Гүлзира Бозжігітова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалар құқын қорғау комитетінің бас сарапшысы:
2019 жылы тегін тамақпен қамтамасыз ету балалр арасында 495,1 мың баланы құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 795,8 артты. Ал 2026 жылы тегін тамақпен қамтамасыз ету 1 млн 716 мың баланы құрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы