Басты Жаңалықтар Түркістан облысында 2 су қоймасы салынуда

Түркістан облысында 2 су қоймасы салынуда

Түркістан облысында екі бірдей су қоймасы салынып жатыр. Өңірдегі су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жоба Президент тапсырмасымен іске асуда. Бұдан бөлек Ордабасы және Сауран аудандарында тағы екі жаңа су сақтау нысаны салынады деп жоспарланған. Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі сондай-ақ алдағы төрт жылда су қоймаларының санын көбейтіп, ескірген нысандарды жаңартуды көздеп отыр. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.

Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:

«Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы үш жыл бұрын басталған. Қазір аяқталуға жақын.  Оң жақ бөгеттің құрылысы 100%, негізгі бөгеттің құрылысы 90%-ға орындалған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 68 млн текше метр су жинақталып, 9 700 гектар жерге су жіберіледі.

Бәйдібек ауданында салынған бұл қойма Балабөген мен Үлкен Бөген өзендері тоғысатын жерде, 860 гектар аумақта орналасқан. Нысан вегетацияаралықлық кезеңде суды жинап, қажет кезде қосымша су көлемін Бөген су қоймасына жібереді. Қазір қойманың жағалауын бетондау мен жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 50-ге тарта адам жұмылдырылған.

Бөлісу