Басты Жаңалықтар СОР31 саммиті: Қазақстан павильонына қызығушылар көп

СОР31 саммиті: Қазақстан павильонына қызығушылар көп

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан СОР31 саммиті аясында құрылған Қазақстан павильонына шетелдіктер тарапынан қызығушылық жоғары. Қазақстандық алаңға Түркияның Премьер министрі Жевдет Йылмаз арнайы барып, еліміздің жасыл технология бойынша жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Шетелдік қонақты әсіресе Балқаш аймағында Іле жолбарыстарын қайта өсіру жобасы қатты қызықтырды. Сондай-ақ осы конференция шеңберінде қолға алынған «Құрақ көрпе» тігу бастамасымен де танысты. Бұл ерекше құрақ көрпе тігіліп біткен соң БҰҰ Бас штабына сыйға тартылады.

Лаура Сейітжаппар, қолөнер шебері:

Біздің бүгінгі жобамыз «Мың тілек – бір көрпе» деп аталады. Яғни бұл конференцияға келген әр қонақтың өз тілегін жазып кетіп сол құрақтардан үлкен бір көрпе құрайтын боламыз. Біздің басты мақсат осы конференцияға келген қонақтардың тілектерін жинақтап біртұтас дүниеге айналдыру.

Бөлісу