7 жылда 1342 мектеп салынды
Соңғы жеті жылда республика бойынша 1300-ден аса мектеп салынды. Жаңа білім ошақтарында 1 миллионнан астам бала оқып жатыр. Жаңа ғимараттар үш ауысымдағы мектеп мәселесін төрт есе, апатты мектептер санын екі есе азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ орын тапшылығы төрт есе қысқарды. Бұл бағыттағы ірі жобаның бірі Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бағдарлама аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Қаламқас Ділдәбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің бас сарапшысы:
Осы пайдалануға берілген мектептердің есебінен 1333 ауысымды, 48 апатты мектептердің мәселесі шешімін тапты. 2026 жылы 59,3 орынға арналған 101 мектепті салу көзделген. Салынып жатқан мектептер 52 құрайды, пайдалануға берілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы