Басты Жаңалықтар Пара ат спортынан ел біріншілігі басталды

Пара ат спортынан ел біріншілігі басталды

Астанада пара ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 5 өңірінен 20-ға жуық спортшы жиналды. Сайыс ережесіне сай, тірек-қимыл жүйесі зақымданған шабандоздар 4 түрлі дисциплинада сынға түсіп, ат үстінде шеберлігін көрсетуге тиіс. Айта кетейік, ел біріншілігі бүгін қортындыланады. Тапсырманы мүдірмей орындап, жеңімпаз атанған спортшылар Ұлттық құрамаға қабылданады.

Елена Шишаева, Пара ат спортынан Ұлттық құрама мүшесі:

Спорттың бұл түрімен мен 2018 жылдан бері айналысамын. Осы уақыттың ішінде «Спорт шебері» атағын да алып үлгердім. Ұлттық құрамамен талай халықаралық жарыста да жеңімпаз атандық. Бұған дейін ел чемпионаты біздің Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін. Астанаға алғаш рет келіп отырмыз.

Бөлісу