Басты Жаңалықтар 7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды

7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды

Соңғы 7 жылда елімізде 3,6 миллионнан астам жұмыс орны ашылды. Оның 2,4 миллионы тұрақты жұмыс. Мәселен тек өткен жылдың өзінде 564 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның 64 пайызы тұрақты жұмыс орындары. Өңірлер арасында Ақмола және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Екі өңірде де бұл көрсеткіш 76 пайыздан асқан. Ал Жамбыл облысында 38 мың, Ақтөбе облысында 38,5 мың адам тұрақты жұмыс тапты. Салалар бойынша жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі экономикалық бағыттарды дамыту және білім беру мен ауыл шаруашылығына тиесілі. Атап айтқанда, білім беру саласында 80 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Бөлісу